Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде тәрбиелеу, білім беру процесін, күн тәртібін, ата –аналармен жұмысты ұйымдастыру» семинар өтті.

Бүгін 14 тамыз «Өрлеу-Атырау» филиалының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде тәрбиелеу, білім беру процесін, күн тәртібін, ата –аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында білім беру бағдарламаларының даму кезеңдері, «Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбы бойынша теориялық білім және практикалық жұмыстар жүргізіліп, кәсіби біліктіліктерін шыңдады.
Тренер: Умиралиева Салтанат Жумабековна

